Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

"Ахмет Байтұрсынов - ел мақтанышы"

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасының аясында жас ұрпақ арасында Ахмет Байтұрсыновтың бай мұрасын насихаттау, шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамдарын дамыту, дарынды оқушыларды анықтап,оларды өнерге тарту мақсатында 27 қаңтар күні 6-11 сынып арасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов - ел мақтанышы" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Гран при иегері -Дауенова Айша / 6 А сынып/.  1- ші орын -  Жүзбай Азат/ 7 ә сынып/. 2- ші орын- Майраш Құдіре/ 8 ә сынып/.  3- ші орын - Усербай Бақдаулет / 8 ә сынып/, Амангелді Қарақат /6 а сынып/

Оқушыларды оқулықпен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету

Новоишим қазақ орта мектебінде  өзін- өзі басқару ұйымының құқық және тәртіп фракциясының мушелері  аға тәлімгер жетекшілігімен   2-11 сыныптар арасында оқулықтарды тексеру бойынша рейд жүргізді. Мақсаты: оқушыларды оқулықтармен дұрыс және ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.

«Менің үй кітапханам»

2022 жылдың 20- шы қаңтар күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5,6,7 сынып оқушылар арасында «Менің үй кітапханам» тақырыбында шолу ұйымдастырылды.
Мақсаты:
балаларда үй кітапханасы туралы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық құндылық ретінде түсінік қалыптастыру;
кітаптарға, оқуға деген қызығушылықты ояту;
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Қағаз кітап электронды кітаптан жақсы»

Кітап пен газеттің таяу арада керексіз болып қалатын сияқты. Елімізде биыл жабылған газеттің санында шек жоқ. Бұған қарағанда бүкіл ақпараттың электронды сипатқа өтетін түрі бар.
Электронды кітаптар қолайлы қызметтерге толы. Бірақ олар әлі де қағаз кітапқа жете алмайды.Дәстүрлі кітаптардың жақтаушылары қағаз кітаптың орнын ештеңе баса алмайтындығы туралы әр жерде айтып жүр.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің Мектеп парламентінің белсенділері және «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері аға тәлімгер Э.Г. Еслямнің ұйымдастыруымен «Қағаз кітап электронды кітаптан жақсы» тақырыбында өткен дебат ойынына белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Ұшқыр ой алаңы

Болашақта қандай мамандарға сұраныс артады? Кәсіптің қандай түрі кірісті әрі өзекті болады?
Бұл—көпшілік жастар мен оқушыларды мазалайтын сұрақ.
Қазір сіз оқып жүрген мамандық алдағы он жылдықта сұранысқа ие болатынына кім кепіл? Бұл да, уақыт еншісіндегі мәселе.
Зауыт, фабрикаларда қара күш жұмсайтын жұмысшыларды енді ойлау қабілеті инновациялық, тың идеяларға толы адамдар алмастырады. Роботтар мен автоматтандырылған жүйе ауыр әрі қиын жұмысты өз мойнына алады.
Осы орайда 11 сынып оқушылары бұл тақырыпты белсенді түрде талқылады.

"Түнгі қаладағы балалар"

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2022 жылдың 22 қаңтар күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатова және  психолог М.Берденова  "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

Кәсіптік бағдар

Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болу үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені, ХХІ ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат-мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекетті басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.
Оқушылардың болашақ бағыты мен оқу орындарын тандау мәселесін шешуге көмек бере отырып, олардың әлеуметтік, кәсіби және мәдени дайындығын арттыру мақсатында 2022 жылдың 21 қантар күні 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар бағыты бойынша жұмыс жүргізілді, яғни Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.

12-18 жастағы оқушыларды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ата-аналарды ақпараттандыру

12-18 жастағы оқушыларды короновирустық инфекцияға қарсы  вакцинациялау туралы  ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында 17 қантар күні 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарына  онлай жиналыс ұйымдастырылды.  Тақырыпқа сай ақпаратты мектеп медбикесі А.Қ. Жарасбаева ұсынды. Жиналыс барысында  өз балаларына екпе салдыртқан ата-аналар сөз сөйлеп, қатысқан ата-аналарды екпе салдыртуға шақырды.

Құрметті ата-аналар және оқушылардың заңды өкілдері!

Құрметті ата-аналар және оқушылардың заңды өкілдері!                            Егер сіздерде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ - нің оқу-тәрбие процесінің  мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болса,  сіздер  CALL-орталығының жедел желі телефондары арқылы  барлық қажетті ақпаратты ала аласыз!

Қараша айынан бастап 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау жұмысы жүріп жатыр.

Құрметті Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары және ата-аналары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті 2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсанында республика мектептерінде оқытуды ұйымдастыру бойынша келген хаты және Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2022ж 14 қаңтардағы №1 қаулысы негізінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де 2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсандағы оқу – тәрбие процессі 17 қаңтарда штаттық режимінде басталады.
Бүгінгі күні мектебімізде 434 оқушы білім алуда. Мектепте барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған, мектепке оқушылар әр уақытта 3 бекеттен кіреді, бір сынып-бір кабинет, сабақтың басталуы және сабақ арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта белгіленген. Барлық педагогтер мен қызметкерлер 100% вакцинация алған.Сонымен қатар елімізде қараша айынан бастап 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау жұмысы жүріп жатыр. Мектебіміздегі жалпы 12-17 жастағы оқушылар саны- 141. Олардың ішінен 4 балада - медотвод. Күнделікті елемізде "Омикрон" деп аталатын коронавирустың жаңа штамының жылдам қарқынмен тарап келе жатқанынан хабардармыз. Бәріміздің денсаулығымыздың қауіпсіздігі сіздер мен біздің қолымызда.
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің директоры С.Т.Сүйесінова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Парламент мәжілісіндегі онлайн отырысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Парламент мәжілісіндегі онлайн отырысы өтті .Отырыс барысында Президент әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Жақсы бастамалар көп, тоқтала кетсек:
• Президент елде жағдай тұрақталғанын, осыған байланысты Қазақстанға келген ҰҚШҰ бітімгерлері 10 күнде толығымен елдеріне қайтады;
• Жастарға жаңа жұмыс орындары ашылмақ;
• Техникалық мамандықтарға басымдылық беріледі. 5 жаңа жоғары оқу орны ашылады;
• ЛРТ жобасы бойынша жұмысты аяқтау;
• Самұрық-Қазынаны қайта реформалау қажеттігі, т.б
Өз сөзінде 2 айдың ішінде халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бағдарлама дайындауға тапсырма берді, сонымен қоса Мәжіліске қаза тапқан әскерилердің отбасы тұрғын үймен, оқуымен және басқа да қажетті шаралармен қамтамасыз етілетінін айтты. Президенттің әлеуметтік әділеттілік туралы айтқаны ұнады. Ол білім мен мәдениеттің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Президент: «Бұл Қазақстанның жаңа даму кезеңі болады.»-деп өз сөзін аяқтады. Болашаққа сенім мен арта түсті! Біз, ұстаздар қауымы Мемлекет басшысының бастамасына сенеміз және қолдаймыз.
Новоишим қазақ орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі: Даирова Айна Болатовна

" Жаңа жыл - отбасылық мереке"

"Жаңа жыл - отбасылық мереке" онлайн  фотоколлаж көрмесі.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
"Ахмет Байтұрсынов - ел мақтанышы"
31.01.2022
7.jpg
Оқушыларды оқулықпен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету
31.01.2022
7.jpg
«Менің үй кітапханам»
26.01.2022
7.jpg
«Қағаз кітап электронды кітаптан жақсы»
26.01.2022
7.jpg
Ұшқыр ой алаңы
26.01.2022
7.jpg
"Түнгі қаладағы балалар"
26.01.2022
7.jpg
Кәсіптік бағдар
26.01.2022
7.jpg
12-18 жастағы оқушыларды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ата-аналарды ақпараттандыру
26.01.2022
7.jpg
Құрметті ата-аналар және оқушылардың заңды өкілдері!
19.01.2022
7.jpg
Қараша айынан бастап 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау жұмысы жүріп жатыр.
19.01.2022
7.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Парламент мәжілісіндегі онлайн отырысы
19.01.2022
7.jpg
" Жаңа жыл - отбасылық мереке"
17.01.2022