Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"
Новости
Главная Новости
«Экология және мен»
Республикалық экологиялық білім беру апталығы  аясында  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де жоспарға сәйкес  1-4сыныптар «Экология және мен» тақырыбында  сурет байқауына,  ал 5-10 сыныптар плакаттар байқауына  қатысты. Мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу.
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай- қандай болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Сыныптан тыс оқу балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттырып, оқу – жазуға үйретуді жетілдіре түседі.
Сондай – ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады.
Сәуір айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Мамбеталинова Б. А. оқырмандар арасында тақырыптық сайыстар оқуды қолдайтын үгіт-насихат жұмыстарының постерлер байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысқан сыныптар 3 «А», 3 «Б», 9 «Ә», 5 «Ә» .
Одной из актуальных областей развития языка ребенка является внеклассное чтение. Через внеклассное чтение ребенок замечает, чувствует, что происходит, что может произойти в окружающей его среде. Внеклассное чтение способствует самостоятельному чтению, повышению интереса к чтению и обучению письму.
Внеклассное чтение также формирует и повышает навыки самостоятельного чтения учащихся.
В апреле в КГУ "Новоишимская казахская средняя школа" библиотекарем Мамбеталиновой Б. А. среди читателей был организован конкурс плакатов агитационно-пропагандистской работы в поддержку чтения с тематическими конкурсами, в котором приняли участие 3 «А», 3 «Б», 9 «Б», 5 «Б» классы.
"Біз әлемді тазалаймыз" және "Игі істер марафоны"
2021 жылының  24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу шеңберінде "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында -"Біз әлемді тазалаймыз"  және "Игі істер марафоны" жобасын іске асыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің еріктілері және  мектеп қызметкерлері  бірлесіп жалпы республикалық сенбілікке қатысты.
#Рухани жаңғыру.
#қайырымды істер марафоны
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп Парламентіне Сайлау
23 сәуір күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп Парламентіне Сайлау өтті. Сайлауға 7-11 сынып оқушылары, ұстаздар қатысып, өз дауыстарын берді. Әр фракцияға женімпаздар анықталды.
#Мектеп парламенті.
#Мектеп өзін-өзі басқару.
#РУМЦДОМОНРК
"Алдымызда 5 сынып"
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.  Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Осыған орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ 4 сынып оқушыларымен "Алдымызда 5 сынып" деген тақырыппен мектеп психологі Сердалина Т.Б сабақ-тренинг өткізді. Сабақ барысында оқушыларға 5 сыныптың ерекшеліктері, болуы мүмкін қиындықтар және оларды тезірек жеңуге арналған кеңестер ұсынылды.
"Интернеттегі қауіпсіздік" және "Желідегі қарым-қатынас этикасы"
3 сынып оқушыларымен информатика пәні мұғалімі  Закирьянов А.Б "Интернеттегі қауіпсіздік" және "Желідегі қарым-қатынас этикасы"  тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Танымдық бейнеролик көрсетіп,  оқушылардың желідегі қауіпсіздігін сақтауға арналған кеңестер ұсынды.
Интернет алаяқтықтың алдын алу
12 сәуір күні  Новоишим қазақ орта мектебінің еріктілері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында челлендж-акциясына қатысты. Жастар ресурстық орталығы полиция бөлімімен және прокуратура өкілімен бірлесіп  Новоишим ауылының тұрғындарына интернет-алаяқтық туралы толық ақпарат берді.
"30 игі істер"
Новоишим қазақ орта мектебінде "30 игі істер" марафоны аясында еріктілер тобы көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-қимыл бойынша жадынамаларды таратуды жалғастыруда.
Игі істер күні
Кино күні
Кино - көп өнердің бір түрі, киноматографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша бұл күні оқушылар қазақстандық және ресей режиссерлардың танымдық фильмдерін қызығушылықпен тамашалады.
"30 игі іс"
"30 игі  іс" марафоны аясында   Новоишим  қазақ  орта  мектебінің  ер мұғалімдері  мен оқушылар  көктемгі кезеңдегі су тасқынына жол  бермеу мақсатында  мектеп периметрі бойынша  жұмыстар жүргізді.
Шымырлық пен шеберлік күні
Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі-ұлттық ойындар. Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-
асық ойыны.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.
Категории
• Нет доступных категорий
Недавние Новости
7.jpg
«Экология және мен»
24.08.2021
7.jpg
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу.
24.08.2021
7.jpg
"Біз әлемді тазалаймыз" және "Игі істер марафоны"
24.08.2021
7.jpg
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп Парламентіне Сайлау
24.08.2021
7.jpg
"Алдымызда 5 сынып"
24.08.2021
7.jpg
"Интернеттегі қауіпсіздік" және "Желідегі қарым-қатынас этикасы"
24.08.2021
7.jpg
Интернет алаяқтықтың алдын алу
24.08.2021
7.jpg
"30 игі істер"
24.08.2021
7.jpg
Игі істер күні
24.08.2021
7.jpg
Кино күні
24.08.2021
7.jpg
"30 игі іс"
24.08.2021
7.jpg
Шымырлық пен шеберлік күні
24.08.2021