"Менің есімде, менмақтан тұтамын"
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде", "Менмақтан тұтамын" тақырыбында бейнероликтер жасады.
Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Көрменін мақсаты: Оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.
"Мен армияда қызмет етемін!"
7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне 5-6 сынып оқушылары "Мен армияда қызмет етемін!" онлайн-суреттер көрмесіне қатысты.
"Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!"
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!" тақырыбында бейнероликтер жасады.
" Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ"
Новоишим қазақ орта мектебінің 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық - патриоттық челлендж " Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ"
«Ер жігіт – ел қорғаны»
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
"Бірлік" этно-мәдени бірлестігі
Новоишим қазақ орта мектебінің "Бірлік" этно-мәдени бірлестігінің 1 мамыр күнімен құттықтауы.
«Достық күші – бірлікте»
Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 1-11 сыныптарда «Достық күші – бірлікте» тәрбие сағаттары өтті.
«Достықтың дархан ұясы»
2021 жылдың 26 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
"1мамыр - Ынтымақ, Бірлік, Достық кепілі "
Бірлік күні аясында интернат тәрбиешісі Г.Қ. Увалиеваның жетекшілігімен оқушылар арасында "1мамыр - Ынтымақ, Бірлік, Достық кепілі " атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар мерекеге байланысты суреттер салып, шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне көңіл күй көтеретін жақсы лебіздерін білдіре білді.
"Мен жəне мені қоршаған орта"
Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тəрбиеленушілерімен А.Ж. Байгарина "Мен жəне мені қоршаған орта" атты тəрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: тəрбиеленушілердің табиғат жəне оның əсемдігі мен байлығы туралы білімдерін сарапқа салу; олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; халық даналығы, өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғауға, аялауға тəрбиелеу.
«Чернобыль - апат, ерлік, ескерту»
Чернобль АЭС-ғы ядролық апаттың 35- жылдығына орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітапханада тақырыптық көрме ұймдастырылды. Сонымен
қатар 5-11 сыныптарда «Чернобыль - апат, ерлік, ескерту» тақырыбында сынып сағаттары өтті.