Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«Адалдық дүкені»

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
«Адалдық дүкені» акциясы өтті. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар өздеріне қажетті заттарды сатып алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болды. Яғни, дүкенде сатушысыз затты сатып алып, өздеріне қызмет көрсетті. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады. Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.

"Қарлығаш"

22 мамыр күні жалпыреспубликалық ата- аналар жиналысының тұжырымдамасына сәйкес "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің 1-11 сыныптарда онлайн және оффлайн форматта бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1.2020-2021 оқу жылының жетістіктері. 2. "Қарлығаш" жазғы  мектеп жанындағы лагерінің жұмысы. 3. Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы 4. Жазғы қауіпсіздік  ережелері / ЖЖЕ, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі/. 5. Әр- түрлі сұрақтар

«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік»

21 мамыр күні   «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де  Новоишим станция желілік полиция бөлімінің қызметкерлері  «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік» тақырыбында  әңгіме өткізді.  Әңгіме барысында  темір жол көлігі  аймағының қауіпті аймақ екендігін әрқашан естен шығармауы керек екенін, қалыптасқан ережелердің бұзылуы, жеке абайсыздық пен жайбарақаттық қатты өкінішке соқтыруы , жарақаттануы мен апатына ұшыратуы мүмкін  деп  оқушыларды ескертті.

«Үздік ұстаз»

«Bilim Land», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Елбасы Академиясының ұйымдастыруымен пандемия жағдайындағы 2020-2021 оқу жылын қорытындылауға арналған республикалық онлайн конференцияға Солтүстік Қазақстан облысынан 3 мұғалім шақырылса, соның ішінде екеуі Новоишим қазақ орта мектебінің алгебра және геометрия пәні мұғалімдері Идирисова Аманкүл Райымбекқызы және Нугуманова Ағайша Қоспанқызы. Аталған ұстаздар қашықтық оқыту кезінде «Bilim Land» платформасын маңызды пайдаланып, оқушыларға тиянақты білім бергені үшін «Үздік ұстаз» атағына ие болып, ұйымдастырушылардың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Ұлағатты ұстаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!!!

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық көмек телефоны»

Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы жедел  психологиялық қызмет көрсететін  «Балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық көмек телефоны» Қызметі жұмыс атқарады. Қызметтің негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің қалыпты жеке дамуы, олардың құқықтарын сақтау үшін жағдайлар жасауға үлес қосу.

Қыздар репродуктивті денсаулығын сақтау

20 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 8-11 сынып қыздары Нұрсұлтан қаласының дәрігер- дерматовенеролог О.В Бондарчуктің  СӨС тақырыбында өткен онлайн-конференцияға  қатысты. Қыздар   репродуктивті денсаулығын сақтау тұрғысынан көптеген пайдалы ақпарат алды.

"ҚР Мемлекеттік рәміздері"

20 мамыр күні рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де аға тәлімгер Еслям Э.Г- ның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылар арасында "ҚР Мемлекеттік рәміздері" тақырыбында викторина өтті. Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
#Руханижаңғыру
#мемлекеттікрәміздері

"Кітап -алтын қазынам"

20 мамыр күні "Оқырман мектеп" жобасы аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен 3 сыныптар арасында "Кітап -алтын қазынам" тақырыбында викторина өтті. Мақсаты: мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
#оқырманмектеп
#Руханижаңғыру

“Ұранды елдің - ұрпағы қайсар”

Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жандыра түседі.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айының 5 күні “Ұранды елдің - ұрпағы қайсар” әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау.
#Руханижаңғыру
#патриоттықәндер

" Менің бақытты отбасым"

15 мамыр - халықаралық отбасы күніне Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары " Менің бақытты отбасым" фотоколлаж және сурет байқауына  қатысты.

"Менің бақытты отбасым"

15 мамыр - халықаралық отбасы күніне Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары " Менің бақытты отбасым" фотоколлаж және сурет байқауына қатысты.
#халықаралық отбасыкүні

9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру

«Новоишим  қазақ орта мектебі»  КММ-де  Чаглинка ауылында орналасқан жоғары агротехникалық колледждің оқытушылары  12 мамыр күні,   Солтүстік  Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық  колледжінің оқутышылары  13 мамыр күні 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: мектеп оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауына көмектесу.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Адалдық дүкені»
26.08.2021
7.jpg
"Қарлығаш"
26.08.2021
7.jpg
«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік»
26.08.2021
7.jpg
«Үздік ұстаз»
26.08.2021
7.jpg
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық көмек телефоны»
26.08.2021
7.jpg
Қыздар репродуктивті денсаулығын сақтау
26.08.2021
7.jpg
"ҚР Мемлекеттік рәміздері"
26.08.2021
7.jpg
"Кітап -алтын қазынам"
26.08.2021
7.jpg
“Ұранды елдің - ұрпағы қайсар”
26.08.2021
7.jpg
" Менің бақытты отбасым"
26.08.2021
7.jpg
"Менің бақытты отбасым"
26.08.2021
7.jpg
9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру
26.08.2021