Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

7-8 сыныптар арасында «PROFI БОЛАМЫН» квест ойыны

11 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар апталығы жоспарына сай 7-8 сыныптар арасында «PROFI БОЛАМЫН» квест ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың жұмысшы мамандықтар әлемі туралы білім алуына жәрдемдесу; Кәсіптердің белгілі бір түрлеріне кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру, тиімді қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын дамыту; Еңбекке және жұмысшы мамандықтағы адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Ойынға 4 команда қатысты. Командалар төрт түрлі бекет дайындаған тапсырмаларды орындап шығу керек болды. Ойын нәтижесі бойынша кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина командаларды мадақтамалармен марапаттады.

«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күні

19 қазан Республика күніне орай Ғылым және жоғары білім Министрлігі жариялаған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күні өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойында азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған. <br />Мектепішілік бірыңғай эссе күніне 5-11- сынып оқушыларынан 248 оқушы қатысты. Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстанның болашағына және оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үміттерін бейнеледі. Еркін ойлады. Болашақты модельдеді.

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 11 қазан күні Халықаралық қыздар мерекесіне орай мектеп психологі, әлеуметтік ұстаз және мектеп медбике жетекшілігімен 8-10 сынып қыздарымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жасөспірім қыздарға дәріс, кеңестер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

Дүкенбай Досжановтың 80 жылдығына арналған кітап көрме

2022 жылдың 11 қазан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Дүкенбай Досжановтың 80 жылдығына арналған кітап көрме ұйымдастырылды.

8 наурыз - халықаралық әйелдер күні

8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Ең нәзік  сөздердің гүл шоғы"   онлайн бейнеқұттықтаулар жобасына қатысты.                                                                                 

Халықаралық әйелдер күні

 3,4 наурыз күндері мектеп жанындағы "Қызылжар"  шағын орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай барлық топтарда мерекелік ертеңгіліктер өтті.                                                                         

"Көктем аруы-2022"

4 наурыз күні 8-11 сынып оқушылар арасында "Көктем аруы-2022" байқауы өтті. Нәтижесінде байқаудың жеңімпазы 8 Ә сынып оқушысы Абдуллаева Назерке болды.                                                                                              

«Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...»

Қуанышты да көктемгi күн — 8 Наурыз мерекесi жақындап келедi! Осыған орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кiтапханасында «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.                                                                         

"Көктем аруы- 2022"

3 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 5-7 сынып қыздары арасында "Көктем аруы- 2022" атты байқау өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша "Көктем аруы- 2022" атағына 6"А" сынып оқушысы Мырзагелді Аяжан ие болды.                                       

Алғыс айту

Алғыс айту күні аясында  "Қызылжар" шағын орталығының  "Балауса" тобының тәрбиеленушілері бір-біріне  өздерінің жылы лебіздерін жолдады. Тәрбиеші: Байгазина  Ж.Т.                                                                                      

Алғыс айту күні

Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы Қызылжар"шағын орталығының бүлдіршіндері Алғыс айту күні аясында тәрбиешілер Н.А.Нургалиева, А.М. Каиржанованың жетекшілігімен челленджге қатысты.                                                                           

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс

01.03.2022 ж "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де  Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай  АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы  Р.Е.Еслямовтың жетекшілігімен жоғары сыныптарда ақпараттық сағат өтті. Іс- шара барысында жалпы қорғаныс жинағын дұрыс киюі және өрт сөндіргіш құралымен пайдалануы ережелері түсіндіріліп, көрсетілді.      

    Категории

    • Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
7-8 сыныптар арасында «PROFI БОЛАМЫН» квест ойыны
22.04.2024
7.jpg
«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күні
20.10.2022
7.jpg
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
11.10.2022
7.jpg
Дүкенбай Досжановтың 80 жылдығына арналған кітап көрме
11.10.2022
7.jpg
8 наурыз - халықаралық әйелдер күні
10.03.2022
7.jpg
Халықаралық әйелдер күні
10.03.2022
7.jpg
"Көктем аруы-2022"
10.03.2022
7.jpg
«Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...»
10.03.2022
7.jpg
"Көктем аруы- 2022"
10.03.2022
7.jpg
Алғыс айту
10.03.2022
7.jpg
Алғыс айту күні
02.03.2022
7.jpg
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс
02.03.2022