Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области
Алғыс айту күні аясында "Қызылжар" шағын орталығының "Балауса" тобының тәрбиеленушілері бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін жолдады. Тәрбиеші: Байгазина Ж.Т.
Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы Қызылжар"шағын орталығының бүлдіршіндері Алғыс айту күні аясында тәрбиешілер Н.А.Нургалиева, А.М. Каиржанованың жетекшілігімен челленджге қатысты.
01.03.2022 ж "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы Р.Е.Еслямовтың жетекшілігімен жоғары сыныптарда ақпараттық сағат өтті. Іс- шара барысында жалпы қорғаныс жинағын дұрыс киюі және өрт сөндіргіш құралымен пайдалануы ережелері түсіндіріліп, көрсетілді.
1 наурыз күні, " Бірлік" этно- мәдени бірлестік мүшелері Алғыс айту күні аясында мектебіміздің педагогикалық еңбек ардагері, зейнеткер Ш.К.Кусаинованы мерекемен құттықтап, білім саласындағы зор еңбегі үшін үлкен алғыстарын білдірді.
1наурыз күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің "Ашық жүректер" еріктілер клубының мүшелері, яғни 7сынып оқушылары, ауданымыздың еңбек ардагері И.И. Фарбей үйіне барып, үй ауласын қардан тазалап, от жағатын ағашты үйге кіргізді. Алғыс айту мерекесі қарсанында оқушылар игі іс жасап, еңбек ардагерінің шексіз алғысына бөленді. Жарайсындар, оқушылар! Сіздердей еліміздің патриоттары көп болсын деп тілейміз!
1-ші наурыз күні "Новоишим қазақ орта мектебі " КММ-де "Алғысымыз шексіз " атты акция өтті. Акция барасында қатысушылар өздерінің достары мен ұстаздарына, ақ халатты абзал жандарға және біздің елімізге жылы лебіздер мен тілектерін жолдады.
28 ақпан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің мектеп Парламентінің «Ақпарат және баспасөз» фракциясының мүшелері Алғыс айту күніне дәлізде ақпараттық стендт безендірді.