Образование
03.04.2026
Аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
3 ақпан күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің акт залында аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат ұсыну және болашақ мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу барысында университет өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, оқу процесінің ерекшеліктері мен студенттік өмір жайында кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты маңызды мәліметтерге қанықты. Мұндай кездесулер оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп, олардың болашаққа деген сенімін арттырады.
Қорытындылай келе, кәсіби бағдар беру кездесуі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
#кәсіптік_бағдар
#кәсіптік_бағдар
