Меню KDT

logo.jpg?_=1744025293

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • ru
  • kz
  • Мектеп мәзірі

    Мектеп жаңалықтары

    "Сәт сапар, жас түлек!"

    2025 жылдың 18 маусым күні "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ- де "Сәт сапар, жас түлек!"атты негізгі мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс шара өтті. 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап, куәлік иесі атанды. Әр адамның өзінің жұлдызы бар.Әр жұлдыз – бір даралықтың белгісі, әр оқушы – біздің мақтанышымыз! Оқушылар ортаға салтанатты түрде жұлдызнамамен шақырылды.
    Алғашқы құттықтау сөз кезегі және аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры Баймагамбетова Балжан Шәріпқызына берілді.
    Биылғы оқу жылында негізгі мектепті 32 түлек бітірді. Үздік аттестатқа 9"а" сынып оқушысы Хакимбек Амина, 9"ә" сынып оқушылары Ахметова Назым, Есентемирова Акерке, Жуманкулова Жанара ие болды. Сонымен қатар құттықтау сөз оқу ісінің орынбасарлары Жолдаспаева Гульмира Мухтарқызы мен Тания Ахметқызына, 9"ә" сынып оқушысы, мектеп мақтынышы, оқу озаты, аудандық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері Ахметова Назымға, 5- ші сыныптан бастап түлектерімізге жетекшілік еткен Шеныбаева Динара Жанғалиқызы мен Жұмағалиев Қуаныш Қабдулсұлтанұлына берілді.
    Түлектер де өз алғыстарын айта отырып, музыкалық сәлемдеме жолдады.
    #адалазамат
    #жастүлек2025



    18.06.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент
    Жолдауы

    Мектеп директоры Баймагамбетова Балжан Шариповна

    Пайдалы сілтемелер