«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде мектептің алар орны ерекше. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз» атты салтанатты мерекелік бағдарлама өтті. Сағат 10.00-де мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін, 4 сынып оқушылары патриоттық сезіммен Әңұран, Ту, Елтаңба туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды. 1 а сынып оқушысы Ғалымжан Дәрия «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін, ал 2 а сынып оқушысы Айнадин Айсұлтан «Еліме арнайын» әнін жоғары дәрежеде орындады. 4 ә сынып оқушылары «Айша-бибі домалақ» қазақ биін биледі. Мекерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі «Біз бақытты Қазақстан ұрпағымыз!» әнімен аяқталды. 2-ші бөлімінде барлық қатысқан оқушылар «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында акварельмен, түрлі түсті қарындаштармен сурет салды. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.