Образование
19.05.2026
«Сабақтастық – сапалы білім кепілі»
«Сабақтастық – сапалы білім кепілі»
«Сапаны сақтау» жобасы аясында 5-сынып мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысуы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту, оқушылардың 5-сыныпқа бейімделу ерекшеліктерін анықтау және оқыту сапасын арттыру.
Сабақтарға қатысу барысында мұғалімдер оқыту әдістерімен, бағалау жүйесімен, оқушылардың оқу дағдылары мен танымдық белсенділігімен танысты. Әсіресе, 4-сыныптан 5-сыныпқа көшу кезеңіндегі білім беру талаптарының өзгеруі, оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі, оқу жүктемесіне үйренуі мәселелеріне назар аударылды.
Өзара сабаққа қатысу қорытындысы бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдер арасында кәсіби пікір алмасу ұйымдастырылды. Талдау барысында тиімді оқыту тәжірибелері, оқушыларды қолдау жолдары және білім сапасын сақтауға бағытталған бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.
