Образование
19.05.2026
«Сапаны сақтау» жобасы аясында бірыңғай ата-аналар жиналысы
«Сапаны сақтау» жобасы аясында бірыңғай ата-аналар жиналысының өткізілуі туралы
18 мамыр күні Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде «Сапаны сақтау» жобасы аясында бірыңғай ата-аналар жиналысы 4 және 5 – сыныптарда өткізілді. Жиналыстың мақсаты – білім сапасын арттыру, оқу жетістіктерін сақтау, оқушылардың оқу мотивациясын күшейту және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, білім сапасының көрсеткіштері, үй тапсырмасын орындау мәдениеті және оқу процесіндегі ата-ананың рөлі мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар білім сапасына әсер ететін факторлар талқыланып, ата-аналарға балаға қолдау көрсету, күн тәртібін сақтау, оқу жауапкершілігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу барысында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Жиналыс қорытындысы бойынша мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту және білім сапасын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қорытынды: Бірыңғай ата-аналар жиналысы ата-аналардың оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етіп, білім сапасын сақтау бағытындағы ортақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік берді.
