Образование
18.05.2026
«Жанжалсыз диалог құру» сабақ-тренинг
«Күш қолдауда» жағымды қарым-қатынастар апталығы жоспарына сай 12 мамыр күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 3 сынып оқушыларына мектеп психологі Сердалина Т.Б «Жанжалсыз диалог құру» сабақ-тренингін өткізді. Мақсаты: сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және тұлғааралық қатынастарда сөздерді саналы түрде қолдану. Сабақ барысында қатысушылар сыйластыққа негізделген диалогтар арқылы, жағдаяттар арқылы даулы жағдайларды дұрыс шешу жолдарын іздеді.
#Жағымды_Қарым-қатынастар_апталығы
