Образование
13.04.2026
«Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру» семинар-практикум өткізді.
Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні мектеп психологтары.Берденова М.А, Сердалина Т.Б және әлеуметтік ұстаздар Байбулатова А.Н, АлгожинаА.К бірге педагогтерге арналған «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру» семинар-практикум өткізді.
Мақсаты: педагогтерде білім алушылардың жеке басын дамытуға, мазасыздықты төмендетуге және оқу уәждемесін арттыруға ықпал ететін психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құрудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер:
- «психологиялық қауіпсіздік» ұғымын түсінуді өзектендіру;
- білім беру ортасындағы қауіп факторларын анықтау;
- білім алушыларды қолдау құралдарын меңгеру;
- оқу ұжымында қауіпсіз атмосфера жасау жөніндегі практикалық қадамдарды әзірлеу.
