Образование
27.02.2026
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасы
2026 жылғы 25 ақпанда Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжымға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында мектеп директоры Б.Ш. Баймагамбетова баяндама жасап, құжаттың ел дамуы мен білім беру саласы үшін маңыздылығына тоқталды.
Баяндама барысында Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің, басқару құрылымының және азаматтық қоғам дамуының берік негізі екені атап өтілді. Сонымен қатар, білім беру саласы үшін Конституция стратегиялық бағыт-бағдар айқындайтын негізгі құжат болып табылатыны айтылды.
Құжатта әрбір азаматтың сапалы білім алуға құқығының нақты бекітілуі білім беру ұйымдарына үлкен жауапкершілік жүктейтіні көрсетілді. Тегін және міндетті орта білімнің мемлекеттік кепілдіктері, жоғары білімге тең қолжетімділік, білім беру жүйесінің зайырлы сипаты және педагог мәртебесінің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Жиын барысында білім беру ұйымдарының басты міндеті – қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра отырып, заңды құрметтейтін, отансүйгіш, жауапты ұрпақ тәрбиелеу екені ерекше атап өтілді.
Іс-шара соңында жаңа конституциялық нормалардың білім беру ұйымдары қызметіндегі практикалық маңызы мен олардың әділ қоғам қалыптастырудағы рөліне назар аударылды.
