Образование
24.02.2026
. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледж және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті туралы кеңінен ақпарат берді.
Мектебімізде тәжірибеден өтіп жүрген студенттер Сапарғали Ш, Шахма А, Бүркітбай Д 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырды. Олар өздері білім алып жатқан оқу орындары – Ж. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледж және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттер аталған оқу орындарының мамандықтары, қабылдау шарттары, білім беру ерекшеліктері, оқу үдерісі және студенттік өмірі жайлы таныстырылым жасады. Оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдау, кәсіби бағыт-бағдар алу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу және жоғары оқу орындары мен колледждер туралы толық мәлімет ұсыну.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кәсіптік бағдар беру жұмыстары жасөспірімдердің болашаққа деген сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
