«Биле-Биле 2026!» атты би байқауы
2026 жылдың 17 ақпан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі КММ-де 5–11 сынып оқушылары арасында «Биле-Биле 2026!» атты би байқауы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық және заманауи би өнеріне қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ сахна мәдениетін қалыптастыру болды. Байқауға қатысушылар әртүрлі жанрдағы билерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы айқын көрініс тапты. Қазылар алқасы қатысушылардың сахнадағы шеберлігіне, ырғақ сезіміне, киім үлгісіне және көркемдік ерекшеліктеріне баға берді.
Байқау соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.
#Адал_азамат
# БилеБиле
