Образование
16.02.2026
«Планетаның болашағы – біздің қолымызда»
«Планетаның болашағы – біздің қолымызда» тақырыбында экологиялық квест ұйымдастырылды. Іс-шара «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 3-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Квесттің мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға баулу және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, табиғатты қорғау, суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау және экологиялық мәселелер туралы білімдерін толықтырды. Топтық жұмыстар арқылы ұйымшылдықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.
Экологиялық квестті аға тәлімгер Буреева М.С. ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен пайдалы ақпарат сыйлады.
