Образование
02.02.2026
“Көңілді үзіліс”
Педагогикалық практика аясында практиканттар Шахма Ақерке мен Буркутбаева Дильназ “Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ-де оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған “Көңілді үзіліс” атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың көңіл-күйін жақсарту, оқу үдерісіндегі шаршауды азайту және ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін дамыту болды.
