30 қаңтар 2026 жылы «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Болашақтағы педагог: AI – идеялар. Даму.» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық жас мамандар апталығының жабылу іс-шарасы өтті.
30 қаңтар 2026 жылы «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Болашақтағы педагог: AI – идеялар. Даму.» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық жас мамандар апталығының жабылу іс-шарасы өтті.
Аталған апталықтың мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану, шығармашылық және инновациялық ойлауды дамыту.
Апталық аясында ашық сабақтар, коучингтер, шеберлік сыныптары, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Жабылу рәсімінде апталық қорытындыланып, жас мамандардың белсенділігі мен шығармашылық бастамалары атап өтілді.
Іс-шара мектеп әкімшілігі, тәлімгер ұстаздар және жас педагогтердің қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Апталық барысында қойылған мақсаттар толық орындалып, жас мамандардың кәсіби дамуына оң ықпал етті.
Аудандық жас мамандар апталығы педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, заманауи білім беру үрдістерін енгізуге және жасанды интеллектті қолдану бағытында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
