
Образование
08.03.2025
" Ана деген тіршілік тірегі" атты кеш
#Біртұтас_тәрбие
#8наурыз
" Новоишим қазақ орта мектебі" КММ жанындағы интернатында 8 наурыз мерекесіне орай " Ана деген тіршілік тірегі" атты кеш өткізілді. Кештің мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды, апай- аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата- анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Балалар би билеп, ән шырқап, КВН көрсетті. Ұл балалар аналар, апайлар, қыздар жайлы өлең шумақтарын айтып мерекемен құттықтады.