
Образование
12.10.2023
8-9 сынып оқушылар үшін «Электрондық темекіден бас тардудың себептері» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
2023 жылдың 12 қазан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де әлеуметтік ұстаз Алгожина А.К., медбике А.К.Жарасбаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылар үшін «Электрондық темекіден бас тардудың себептері» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға темекі шегу- болашақ ұрпақтың денсаулығына зиян екенін ұғындыру.
Әңгіме барысында оқушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Медициналық қызметкер әңгімесін аяқтағаннан кейін, оқушыларға ақыл-кеңес брошюраларын таратты. Жалпы 72 оқушы қатысты.