
"Мен-анамын, ұрпағын әлдилеген" атты аналар сайысы
Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту, «Отбасы-орта мектеп», "Ана мектебі" жобасын іске асыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында 2023 жылы 6 наурыз күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де тәрбие ісі орынбасары А.Е. Ргебаеваның жетекшілігімен 5-8 сыныптарының арасында "Мен-анамын, ұрпағын әлдилеген" атты аналар сайысы өткізілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Сайыс нәтижесінде 1 орынға 7 "А" сыныбының анасы Нурымбетова Айгерим Джумагазиевна, 2 орынға 6"Б" сыныбының анасы Закирьянова Гульжан Игибаевна, 3 орынға 8 "Ә" сыныбының анасы Ерденова Гульмира Мурзабековна ие болды.