
"Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлттық мерекені шағын орталықта атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Осындай игі іс- шара «Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті. Бұл дәстүрлі шараға «Балапан», «Балдырған», «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, таң қалдырды. Іс-шара көңілді ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Шара соңында балалар арнайы дайындалған дастарханнан ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты.