
Образование
17.03.2023
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ жанындағы мектеп интернатында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ жанындағы мектеп интернатында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Балалар ән салып, би билеп, салт- дәстүр көрсетіп, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз көже ішіп, жақсы көңілде болды. Сонымен қатар өз өнерлерін көрсетіп, белсенді қатысты.