
Образование
04.01.2023
IQanat олимпиадасының ІІ кезеңіне дайындық
Новоишим қазақ орта мектебінің 8 сыныптың 16 оқушысы IQanat олимпиадасының І кезеңіне қатысып, 3 оқушы Мират Әмина, Елемесов Нурболат, Сулейменов Мансур ІІ кезеңіне өтті.
Олимпиаданың екінші кезеңі оқушылардың когнитивтік ойлау деңгейін анықтауға арналған. Екінші кезеңде оқушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы, география пәндерінің ішінен біреуін таңдап алып олимпиада тапсырады. «Ағылшын тілі» пәнінен олимпиада жұмысын орындағанмен, ол бағаланбайды. Екінші кезеңге өткен оқушылармен каникул уақытында олимпиадаға дайындық кестесі құрылып, оқушылар білімдерін шыңдауда. Алдағы ІІ кезеңде жеңіс пен сәттілік тілейміз!