
«Адалдық дүкені»
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
«Адалдық дүкені» акциясы өтті. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар өздеріне қажетті заттарды сатып алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болды. Яғни, дүкенде сатушысыз затты сатып алып, өздеріне қызмет көрсетті. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады. Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.