
Образование
02.05.2019
«Адал ұрпақ»
25 сәуір күні «Адал ұрпақ» бағдарламасы аясында мектебімізде «Адал дүкен» атты акция өтті. Акцияның мақсаты: оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, біреудің ала жібін аттамауға тәрбиелеу. Мектеп асханасында «Адал дүкен» бұрышы ұйымдастырылып, оқушылар сатушысыз асхана өнімдерін сатып алып, ақшасын кассаға өз қолдарымен төлеп отырды.
Бұл іс-шара оқушыларды ойландырары хақ, адал болудың, ар алдында таза болудың алғашқы қадамы.