
Республикалық ІV«Яссауи» пәндік олимпиадасы
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи университетінде өткен республикалық ІV«Яссауи» пәндік олимпиадаға Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары математика пәнінен Иманбаева Алия, Қазақстан тарихы пәнінен Жолкенов Жандос, ағылшын тілінен Узибек Берген, қазақ тілі пәнінен Турегельді Аружан, орыс тілінен Хасенова Лана, физика пәнінен Батаев Диаз қатысты.
Аталған олимпиаданың бірінші кезеңі 5-6 ақпан күндері онлайн түрде өтіп, Новоишим қазақ орта мектебінің 6 оқушысы келесі кезеңге жолдама алған болатын. Кейін Түркістан қаласындағы екінші кезеңге өткен оқушылар математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, физика пәндері бойынша білім сайысына түсіп, аталған оқушылар университеттің арнайы сертификатымен табысталды.