
Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 1 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың бірінші бөлімінде келген ата-аналар тіркеуден өткеннен кейін мектебіміздің мұражайымен, фотокөрме арқылы 3 тоқсанның окү-тәрбие жұмысының нәтижелерімен танысып, мектеп оқушылары дайындаған 3 музыкалық нөмерлерін тамашалады.
Жиналыстың екінші негізгі бөлімінде әрбір ата-анаға әр пән мұғалімімен, сынып жетекшісімен , психолог, әлеуметтік педагог, мектеп әкімшілігімен бетпе-бет кездесіп, 3-тоқсанның қорытындысын білуге, сонымен қатар өз баласының сыныпта да, оқу іс-әрекетінде де күшті және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік берілді.
Жиналыстың сонында әр ата-ана кері байланыс ретінде ұсынылған жапырақтарға жиналыстың өтуі туралы өз пікірлерін жазып, ағаштарға жабыстырып кетті.