Образование
31.10.2022
«Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат»
31 қазан 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де күзгі демалысты ұйымдастыру жоспарына сай балаларға Кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинамен «Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары ЖОО шолу жасалатын ссылкалар арқылы, қажетті университетпен таныса алды. Балалар ЖОО ғимараттары, факультеттері, оқу залдары, кітапханалары, мұражайлары т.б туралы ақпарат ала алды.