
Образование
14.06.2022
"Балалар жылы-2022"
9 маусым 2022 жылы "Балалар жылы-2022" бағдарламасы аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 5 сынып оқушылары сынып жетекшісы Жахина М.М. мен ата- аналар комитетінің ұйымдастырумен Айыртау ауданының Сырымбет ауылына Ш.Уалиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражайына экскурсия жасады. Ш.Уалихановтың анасы Айғанымның тұрған үйіне барып, өмірі жайлы ақпарат алды. Содан кейін оқушылар таза ауаға серуенге шығып, ойындар ойнап, қызықты ертегілерді оқып көңіл көтеріп келді. Мақсаты: оқушыларды өлкеміздің саяхатшысы Ш.Уалихановтың өмірімен таныстыру, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.