
Образование
05.02.2019
«Мәңгілік ел біздің күш қуатымыз»
29 қантар күні 8 А сыныбында сынып жетекші Ахмет Т. жетекшілігімен «Мәңгілік ел біздің күш қуатымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, «Қазақстан-2015» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру .Сынып сағатта келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
- топтық жұмыс
- шығармашылық жұмыс
- әңгімелеу
- сұрақ-жауап әдісі
- түсіндіру
- талдау
Негізгі бөлім келесі кезеңдерден тұрды:
- «Мәңғілік ел- болашақ ұрпақ сендер үшін» /көрініс/
- «Біз Мәңгілік ел» тақырыбында сурет салу.
- Мәңгілік елдің мызғымас Жеті құндылықтары /топпен жұмыс/
- «Мәңгілік ел- біздің күш қуатымыз» / дәлелдеу/.
Нәтижесінде сынып сағаты жоғары дәрежеде өтті, оқушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалып, қызығушылықтарын көрсете отырып,белсенділіктерін танытты.